Павлодардың 400 оқушысы Головкиннің құрметіне сап түзеді

18 Қыркүйек 2022, 00:30
821
Бөлісу:
Павлодардың 400 оқушысы Головкиннің құрметіне сап түзеді

Павлодар облысы, Шарбақты ауданының оқушылары Геннадий Головкин мен Сауль «Канело» Альварес арасындағы жекпе-жек қарсаңында флэшмоб өткізді. Бұл туралы BAQ.KZ Шарбақты ауданы әкімдігінің әлеуметтік желідегі парақшасына сілтеме жасап хабарлайды.

400-ден астам ауыл оқушысы үш «G» әрпі түрінде алаңда сап түзеді. Осылайша балалар қазақстандық спортшыны қолдамақ болған.

Акция барысында қатысушылар жалаушаларды желбіретіп, «Алға, чемпион!« деп ұрандатты. Олар әлем чемпионы анықталатын жекпе-жектің басталуын тағатсыздана күтеді және бұл челленджді өздерінің қаһарманы көріп, бүкіл ел қолдайтынына сенім білдірді, - деді Шарбақты ауданының әкімдігінде.

Өзгелердің жаңалығы