Павлодардағы жоғарғы оқу орнында кәсіби гидтерді дайындау ұсынылды

19 Маусым 2022, 17:34
1031
Бөлісу:
Павлодардағы жоғарғы оқу орнында кәсіби гидтерді дайындау ұсынылды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Баянауылдағы экологиялық кеңестің отырысында облыстағы туризмнің өзекті мәселелері көтерілді, деп хабарлады pavlodarnews.kz.

Аймақ басшысы Баянауылға туристердің 90 пайызы әсер алу үшін келетінін және оларды бір көлмен таң қалдыруға болмайтынын атап өтті. 

Біз туризмнің жаңа түрлерін дамыту мәдениетін қалыптастыруымыз керек. Бізге нақты жоспар, гидтер дайындау қажет7Toraighyrov University кәсіби гидтерді дайындай алар еді. Қазір сіздер коммерциялық емес акционерлік қоғам болғандықтан ақша табуға құқықтарыңыз бар, - деді Әбілқайыр Сқақов.

Ол жоғары оқу орындарының өздерінің білім беру бағдарламаларын бекіту бойынша толық дербестігі бар екенін атап өтті. 

Сонымен қатар Баянауыл өлкесінің қолданбалы дамуы тұрғысынан магистрлік және докторлық диссертацияларды байланыстыруға болады.
 

Біз жоғарғы оқу орнымызда гидтер түсіндіру жұмыстарын жүргізе алатын өсімдіктердің тізімін әзірледік, - деді Виктор Камкин.

Өзгелердің жаңалығы