Қазақстанның соңғы жаңалықтары

Павлодардағы форум: Жұмысшы мамандықтардың беделі артады

12 Тамыз 2025, 19:18
477
Бөлісу:
 Үкімет
PHOTO
Фото: Үкімет

Мемлекеттік қолдау, кәсіби жандардың тәжірибесі және жаңа буын энергиясы: Қазақстанда республикалық жастар форумы бастау алды, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Павлодар облысында Халықаралық жастар күні және жұмысшы мамандықтар жылы аясында «Жастар болашағы – жарқын Қазақстан» атты республикалық жастар форумы жұмысын бастады. Форумға еліміздің барлық өңірлерінен 120-дан астам белсенді жастар - инженерлер, өнеркәсіп кәсіпорындарының мамандары, IT-әзірлеушілер, дәрігерлер, кәсіпкерлер және қоғамдық ұйымдардың өкілдері жиналды. Барлық қатысушылар - 35 жасқа дейін, мақсаты айқын, жаңа сынақтарға дайын және кәсіби өсуге бағытталған. Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев делегаттарға құттықтау сөз сөйлеп, жастар қоғамның қозғаушы күші және елді жаңғыртудың басты қозғалтқышы екенін атап өтті. Форумға қатысушыларға Мемлекет басшысының бейне құттықтауы LED-экран арқылы көрсетілді. Форум жұмысына Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары Ермек Көшербаев қатысты.

Павлодардағы форум: Жұмысшы мамандықтардың беделі артады

Бүгін мұнда мықты, бәсекеге қабілетті және технологиялық жағынан дамыған Қазақстанды қалыптастыратын жастар жиналып отыр. Біздің елімізде халықтың үштен бірі жастар, азаматтардың орташа жасы 32 жасты құрайды және бұл үлес өсуде. Сондықтан жұмысшы мамандықтар жылын жариялау олардың беделін арттыру және техникалық мамандықтарды жастар арасында танымал ету үшін маңызды қадам болды, - деп атап өтті вице-премьер.

Павлодардағы форум: Жұмысшы мамандықтардың беделі артады

Ол Үкіметтің жас қазақстандықтарды қолдау бойынша кешенді шаралар іске асырып жатқанын хабарлады:

- Cтуденттік шәкіртақылар екі есеге ұлғайтылды (жұмыс біліктілігі бойынша - 43 574 тг., орта буын бойынша - 41 896 тг.); 

- 4,5 мың орындық 17 жатақхана салынуда (колледж студенттерінің 85%-ы тұрғын үймен қамтамасыз етілген);

- шетелдік колледждер мен университеттердің филиалдары ашылды; 

- «Жасыл ел», «Жастар тәжірибесі», «Дипломмен ауылға» бағдарламалары іске асырылуда; 

- жұмысшы мамандарға арналған жеңілдетілген «Наурыз», «Отау» тұрғын үй бағдарламалары және «Наурыз жұмыскер» жаңа жобасы жұмыс істейді; 

- «Болашақ» стипендиясына қайта бағдарлау жүргізілді — гранттардың кемінде 60%-ы техникалық мамандықтарға бөлінеді.

Өзгелердің жаңалығы