Павлодарда жоспардан тыс тексеру барысында сынақ зертханасында бұзушылықтар анықталды

17 Тамыз 2024, 17:17
522
Бөлісу:
Павлодарда жоспардан тыс тексеру барысында сынақ зертханасында бұзушылықтар анықталды

Тексеру барысында екі бетон араластырғыш пен бір самосвалға куәлік беруде бұзушылықтар анықталды, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Техникалық реттеу және метрология комитетінің Павлодар облысы бойынша департаменті көлік құралдары конструкцияларының қауіпсіздігі туралы куәліктерді беру үшін сынақтар жүргізуге аккредиттелген сынақ зертханасына жоспардан тыс тексеріс өткізді.

Яғни көлік құралдары Кеден одағының «Доңғалақты көлік құралдарының қауіпсіздігі туралы» техникалық регламентінің (КО ТР 018/2011) талаптарына сәйкес келмейтіні анықталды.

Атап айтқанда, орнатылған құрылғыларда басқару жүйесі және AdBlue сұйықтық беру сорғысы, сондай-ақ осы сұйықтықты беру саптамасы сияқты негізгі элементтер жоқ. 

Сонымен қатар, AdBlue цистернасы зауыттық емес әдіспен орнатылған, бұл экологиялық қауіпсіздік талаптарына қайшы.

Тексеру нәтижелері бойынша үш әкімшілік іс қозғалды. Қазақстан Республикасының «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» Кодексіне сәйкес, сынақ зертханасына айыппұл салынып, аккредиттеу алты айға дейінгі мерзімге тоқтатыла тұрады. Зертханаға бұзушылықтарды жою туралы нұсқама берілді және әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы хаттамалар жасалды.

Өзгелердің жаңалығы