Павлодарда жасөспірімдерге арналған тренингтер өтіп жатыр

5 Қараша 2020, 19:50
1985
Бөлісу:
Павлодарда жасөспірімдерге арналған тренингтер өтіп жатыр

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ.  Павлодарда «Қазақстан әйелдері»  ҚБ «Жасөспірімдер арасындағы ерте жүктілікті алдын алу  жолдары» тақырыбында тренинг өткізді. Әртүрлі тақырыптағы тренингтер тағы екі күнге созылады.  

Бүгінгі тренинг барысында ерте  жүктіліктің және бедеуліктің салдары, зорлық-зомбылық құрбандарын анықтау үшін қолданылатын психодиагностикалық әдістер, ерте жүктіліктің алдын-алудың негізгі әдістері (ұсыныстар, жұмысты талдау), қуыршақ жаттығуы, мерез, дүкен тілектері, кино сынды әдістер жүзеге асырылды.

Осыған дейін  жасөсіпірімдер «Инклюзивті білім беру - мүмкіндігі шектеулі балалардың өмір сапасын арттыруының негізгі факторы ретінде» тақырыбында өткен тренингке қатысқан болатын. 

Инклюзивті білім беру балалардың барлық қажеттілігін қамтамасыз ету бойынша білім құрылымдарының жүйесі мен әдістерін жақсарту үшін бағытталған. Барлық адамды бірдей қабылдайтын әзгі қоғам құру үшін жұмыс істейді. Ол үнемі даму үстінде. Әр бала оқи алатынына көз жеткізеді,- дейді мамандар. 


Тренинг барысында Қазақстандағы инклюзивті білім беру инклюзивті  білім  және оның  ерекшеліктері, «Аутизм» диагнозы бар  балалар және  олармен жұмыс  жасау  ерекшеліктері, «Портрет» әдістемесі түсіндірілді. 

Сондай-ақ,  мүмкіндігі шектеулі балалардың әлеуметтенуіне   психологиялық  ықпал ету жолдары да қарастырылды. 

Тренингтердің болашақтағы сандарында  шылым шегу, ішімдік және нашақорлықтың әсері мәселесі бойынша жасөспірімдерге арналған негізгі диагностикалық әдістер, жасөспірімдер арасындағы алкоголизм тақырыбындағы әлемдік зерттеулер, нашақорлық тақырыбында жасөспірімдермен түзету жұмыстарының ерекшеліктері талқыланбақ. 

Қазір бұл мәселе өте өзекті болып отыр. Қазақстан есірткіден көз жұмғандар бойынша 93 елдің ішінде 33-орынға ие.  БҰҰ мәліметі бойынша, ҚР есірткіден көз жұму бойынша 50 алдыңғы елдің қатарында тұр. Республика аумағында жыл сайын 40 тонна есірткі заттары алынады. 

Айта кетейік, тренингті «Қазақстан әйелдері» ҚБ Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің қолдауымен ұйымдастырды. Ол «Азаматтық бастамаларды қолдау орталығы» КЕАҚ гранттық қаржыландыру аясында «Бала және денсаулық» жобасы  аясында ұйымдастырылды.

Өзгелердің жаңалығы