29 маусымда Нұрсұлтан Назарбаев атындағы даңғылда Mitsubishi Carisma автокөлігінің қатысуымен жол апаты болды.
Павлодар облысының ПД баспасөз қызметі мәлімдегендей, жүргізуші қарсы қозғалыс жолағына шығып кетіп, үш жаяу жүргіншіні қағып кеткен. Содан кейін жарықтандыру бағанына және автобус аялдамасына соғылып, одан кейін автокөлік аударылып қалған.
Жол-көлік оқиғасы фактісі бойынша қылмыстық іс қозғалды. Алдын ала мәліметтер бойынша, жүргізуші қарсы қозғалыс жолағына шығып кетіп, үш жаяу жүргіншіні қаққан, содан кейін жарықтандыру бағанына және автобус аялдамасына соғылып, көлік аударылып кеткен. Оқиға салдарынан екі жаяу жүргінші оқиға орнында көз жұмды, тағы біреуі ауруханаға жатқызылды. Жүргізуші уақытша ұстау изоляторына қамалды. Автокөлік мамандандырылған тұраққа қойылды, – деп атап өтті полициядан.
Қазіргі уақытта құқық қорғау органдарының қызметкерлері апаттың мән-жайы мен себептерін анықтап жатыр.
Еске салайық, бұған дейін Алма-Арасанда жол апаты болып, бірнеше адам жарақат алды.
Тағы оқи отырыңыз:
Алматы – Өскемен тас жолындағы жантүршігерлік жол апатынан бес адам қаза тапты
Ақтауда жеңіл көлікпен соқтығысқан мотоцикл жүргізушісі қаза тапты
Үш адам қаза тапқан жол апатынан кейін Әл-Фараби даңғылына қоршау орнатыла бастады