Павлодарда жалған паспорт жасатқан науқас қайтыс болды

19 Тамыз 2021, 23:35
1890
Бөлісу:
Павлодарда жалған паспорт жасатқан науқас қайтыс болды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Жалған вакцинация паспортын сатып алғанын мойындаған науқас Павлодардағы ауруханада қайтыс болды, деп хабарлайды «Хабар 24».

29 шілдеде ол облыстық кардиоорталықтың жұқпалы аурулар ауруханасына ауыр халде түскен. 61 жастағы әйелдің қызуы көтеріліп, құрғақ жөтел болған. Оған коронавирустық пневмония диагнозы қойылыпты. 18 күн бойы өкпені жасанды желдету аппаратына қосылып, дәрігерлер қолдан келгеннің бәрін жасаған. Алайда кеше науқастың жағдайы күрт нашарлап, бүгін қайтыс болған.

Жыл басынан бері Павлодар өңірінде коронавирустан 313 адам қайтыс болды. Өңір қызыл аймақта тұр. Өткен тәулікте 399 адамнан коронавирус анықталған.
Өзгелердің жаңалығы