Павлодарда үстел теннисінен Қазақстан чемпионаты басталды

5 Сәуір 2022, 21:11
1324
Бөлісу:
Павлодарда үстел теннисінен Қазақстан чемпионаты басталды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Бүгін Павлодарда үстел теннисінен Қазақстан чемпионаты басталды, деп хабарлайды Olympic.kz.

Спортшылар жарыстың алғашқы күнінде командалық санат бойынша сынға түседі. Командалық жарыстың финалдық кезеңі ертең, 6 сәуірге жоспарланған. 

Айта кетерлігі, аталған ел біріншілігіне Кирилл Герасименко, Сарвиноз Миркадирова, Алан Құрманғалиев, Анастасия Лаврова, Айдос Кенжіғұлов, Зәуреш Ақашева, Ирисбек Артукметов, Анель Бақыт, Ескендір Харки сынды ұлттық құраманыің бетке ұстар спортшылары да қатысып жатыр.

Өзгелердің жаңалығы