Павлодарда ұрлық туралы хабарлаған тұрғын жазаланды

3 Мамыр 2021, 16:43
2093
Бөлісу:
Павлодарда ұрлық туралы хабарлаған тұрғын жазаланды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. 46 жастағы тұрғынға қатысты ҚР ӘҚБК 1-бөлімінің 438-бабы бойынша әкімшілік хаттама толтырылды, деп хабарлады Pavlodarnews.kz.    

Павлодарлық сағат 10.12-де полицияға бір апта бұрын танысының пәтерінен 50 000 теңге ақша мен теледидарды ұрлап кеткені туралы  хабарлаған. Оқиға орнына барған полиция ұрлық фактісі болмағанын анықтады. Пәтер иесінің үйінде ұзақ уақыт бойы жарық жоқ болып шықты, ал қолда бар тұрмыстық техниканы сатып жіберген. Бұған қоса, ол мас күйінде болған, тіпті, полиция шақырғанын есіне түсіре алмаған, - деді облыстық полиция департаменті жергілікті полиция қызметінің бастығы Ғалым Сарғұлов.
Ер адамға 30 АЕК көлемінде айыппұл салынды. Айта кетерлігі, бұған дейін учаскелік полиция инспекторы жалған ақпарат берген тұрғынға қатысты мәжбүрлеп емдеу үшін материал жинап, сотқа жіберген.

Жыл басынан бері облыста 19 тұрғын арнайы қызметке жалған қоңырау шалғаны үшін жауапқа тартылды. 
Өзгелердің жаңалығы