Павлодарда тұрғындар тыныштығын бұзған жануардың иесі жауапқа тартылды

8 Тамыз 2021, 15:44
3937
Бөлісу:
Павлодарда тұрғындар тыныштығын бұзған жануардың иесі жауапқа тартылды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Түнгі сағат 04.00-де Чкалов көшесіндегі көпқабатты үйден қоңырау түскен. Жергілікті тұрғын үйінің ауласында ит үріп, жұртқа ұйқы бермегеніне шағымданған.

Бұл туралы Pavlodarnews.kz хабарлады.

Әйел адам кіреберістің жанында орындықта иттері бар қыз отырғанын, иттер үріп, қала тұрғындарына ұйқы бермейтінін айтты. Аталған мекенжайға келген полицейлер қызға қатысты ҚР ӘҚБК 437-бабының 2-бөлігі бойынша әкімшілік хаттама толтырып, осындай фактілерге жол бермеу туралы ескертті, - деді Павлодар облысы полиция департаменті жергілікті полиция қызметі басқармасының бастығы Ғалым Сарғұлов.

Сол түні сағат 03.00 шамасында Павлодар полициясына ер адам қоңырау шалып, Геринг көшесіндегі үйінің жанындағы балалар алаңында жастар бағананы қосып, қатты музыка тыңдап, ән шырқайтынын айтты. Бұл көпқабатты ғимарат тұрғындарының ұйқысына кедергі келтіреді. Полиция қызметкерлері, тәртіп бұзушыларды ҚР ӘҚБтК-нің 437-бабы 1-бөлігі - «тыныштықты бұзу» бойынша әкімшілік жауапкершілікке тартты. Сондай-ақ олардың әрқайсысымен тыныштықты сақтау және көршілерге құрметпен қарау қажеттілігі туралы профилактикалық әңгіме жүргізді.

Биылғы жылы тыныштықты бұзғаны үшін өңірдің 2600-ден астам тұрғыны әкімшілік жауапкершілікке тартылған.

Полиция заңды сақтау қажеттігін және құқықтық тәртіп мәселелеріне немқұрайлы қарамауды еске салады. Жасалған құқық бұзушылықтар туралы ақпаратты дереу «102» телефоны бойынша хабарлау қажет.

Өзгелердің жаңалығы