Павлодарда тұңғыш қазақ мектеп-лицейі ашылды

1 Қыркүйек 2022, 18:18
1457
Бөлісу:
Павлодарда тұңғыш қазақ мектеп-лицейі ашылды
Фото: автордан

Павлодардағы «Сарыарқа» шағын ауданында Әлихан Бөкейханов атындағы мектеп-лицейі есігін айқара ашты, деп хабарлайды  Павлодар облысындағы BAQ.KZ тілшісі.

Білім беру ошағы 650 оқушыға шақталған. Мектеп директоры Ләйлә Жүсіпованың айтуынша, жаңа оқу жылында 70-ке жуық мұғалім жұмысын бастады. 

Ұстаздардың барлығы конкурстық негізде қабылданды. Оқушыларды осы күнге дейін қабылдап отырдық. Мектебімізде жаратылыстану-ғылыми бағыттағы пәндерге басымдық беріледі.  Яғни, физика, химия, биология және математика пәндеріне сағаттар көптеп бөлінді, - дейді Ләйлә Жүсіпова. 

Қазіргі уақытта 850 бала қабылданды. Бастауыш звенода 17, ал орта звенода 14 сынып бар. Бұл мектеп Бауыржан Момышұлы атындағы ірі мектептің жүктемесін азайтады. 

Айта кетейік, жаңа оқу жылында Павлодар қаласының іргесіндегі Теміржолшылар ауылында да жаңа білім ордасы пайдалануға берілді. 210 орындық нысан қазақ және орыс тілдерінде білім береді. Еске сала кетсек, бірінші қыркүйекте алты мыңға жуық ұл-қыз мектеп табалдырығын аттады. Жаңа оқу жылы қарсаңында 44 мектеп жаңа кейіпке еніп, күрделі жөндеуден өтті. Жөндеу жұмыстарына 9,2 млрд теңге бөлінген. Бұл жыл сайынғы бюджеттен 14 есе артық көрсеткіш. 

Өзгелердің жаңалығы