Павлодарда түнгі уақытта тыныштықты бұзған жастар жазаланды

23 Шілде 2022, 12:06
1373
Бөлісу:
Павлодарда түнгі уақытта тыныштықты бұзған жастар жазаланды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Азаматтарға әкімшілік кодекстің 437-бабына сәйкес, жұмыс күндері сағат 22:00-ден 09:00-ге дейін, ал демалыс күндері сағат 23:00-ден 10:00-ге дейін шу шығаруға болмайды, 

Бұл туралы Pavlodarnews.kz жазды.

Облыстық полиция департаментінің мәліметінше, 20 шілде күні сағат 03.00 шамасында 102 пультіне ер адам қоңырау шалып, Майра көшесіндегі үйінің жанындағы балалар алаңында жастар қатты музыка тыңдап, ән шырқап жатқанына шағымданған. 

 Оқиға орнына келген полицейлер тәртіп бұзушыларды әкімшілік жауапкершілікке тартты. Олардың әрқайсысымен тыныштықты сақтау және көршілерге құрметпен қарау қажеттілігі туралы профилактикалық әңгіме жүргізілді, - деді  Павлодар облысы полиция департаменті жергілікті полиция қызметінің басшысы Ғалым Сарғұлов.

Оның айтуынша, өңірде жыл басынан түнгі уақытта шу шығарған 2 668 факті тіркелген.

Полицейлер  қала тұрғындарына тек пәтерлерде ғана емес, кіреберістерде, аулаларда, балабақшалар, интернат-үйлер, ауруханалар жанында, шипажайлап, қонақ үйлер мен жатақханалар аумағында шу шығаруға тыйым салынатынын еске салады.

 

Өзгелердің жаңалығы