Павлодарда автокөлік өртенді

12 Қыркүйек 2021, 17:31
4147
Бөлісу:
Павлодарда автокөлік өртенді
VIDEO

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қаза тапқандар мен зардап шеккендер жоқ, деп хабарлайды Pavlodarnews.kz.

Облыстық ТЖД баспасөз қызметінің мәліметінше, 12 қыркүйек күні сағат 00.35-те Толстой көшесі, 107 мекенжайы бойынша өрт шыққаны туралы хабарлама түскен.


Ашық аумақта 2001 жылы шыққан ВАЗ-21120 жеңіл автомобилінің мотор бөлігінде 1 шаршы метр алаңында резеңке-техникалық бұйымдар бықсыған. Өрт сағат 00.46-да сөндірілді. Көліктің жануына электр сымдарының қысқа тұйықталуы себеп болған, - деді департаментте.

Шығын келтірілген жоқ. Оқиға орнына жеке құрамнан 4 адам мен бір техника шықты.

Өзгелердің жаңалығы