Павлодарда трамвай желісі кеңейді

11 Қазан 2022, 14:07
1201
Бөлісу:
Павлодарда трамвай желісі кеңейді
Фото: автордан

Ертіс өңірінде трамвай шаруашылығын дамытудың кешенді жоспары жүзеге асырылып жатыр. Алдағы уақытта трамвай жолдары бірнеше шағын ауданға дейін салынады деп күтілуде, деп хабарлайды Павлодар облысындағы BAQ.KZ тілшісі.

Еске сала кетсек, Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев облысқа жұмыс сапары барысында трамвай көлігін дамыту қажеттілігі туралы айтқан еді. 

Павлодар – трамвай жүретін сирек қаланың бірі. Алматыда травмай жүрді, ешкімге кедергі келтірмеді, бірақ оны қаладан алып тастау туралы шешім қабылдады. Ауқымды жұмыс жүргізілді, рельстер жойылды, енді Алматы трамвайсыз қалды. Трамвай қаланың символы болғанын атап өту керек. Меніңше, Павлодарда трамвайды сақтап қалу қажет.Егер қажет болса, жолдарды жаңғыртып, жаңа, дыбыссыз, трамвайлар сатып алу керек шығар, - деді Президент.

Экологиялық таза әрі ыңғайлы көліктің жұмысын дамыту жергілікті билік пен салалық мекемелердің басты назарында.

Павлодар қалалық трамвай басқармасының басшысы Мүслім Махмұтовтың айтуынша, бірініш кезекте рельстер мен жол бойындағы құралдар жаңартылады. 

Келесі жылы кем дегенде 10 трамвайды жаңарту жоспарланып отыр. Тұрғындар трамвай желілерінің Екінша Павлодар шағын ауданына жеткенін қалайды. Бұл – өзекті мәселе. Шағын ауданда мыңдаған адам тұрады. Қала шетінде «Достық» шағын ауданы да бой көтеруде. Сол жаққа жол салып, желіні ұзартпақпыз. Трамвай айналмалы жол арқылы әуежайға дейін жеткізгіміз келеді, - дейді Мүслім Махмұтов.

Айта кетейік, Павлодар – трамвай шаруашылығын сақтап қалған жалғыз шаһар. Қоғамдық көлік түнгі 01.00-ге дейін жолаушы тасымалдайды. Тұрақты жолаушылардың қатарында қала тұрғындарынан бөлек облыс орталығынан тыс жерде еңбек ететін зауыт қызметкерлері бар. Бүгінде паркте 111 рельсті көлік бар. Трамвай көлігімен  күніне 45 мыңнан астам тұрғын қатынайды. Бірнеше жыл бұрын Белорусь елінен 23 жаңа трамвай әкелініп, іске қосылған. Сонымен қатар, бірнеше қиылыста шусыз жолдар салынды. Жұмыс жалғаса бермек. 

Өзгелердің жаңалығы