Павлодарда тілдік «Start up» жобасы жүзеге асырылуда

18 Қазан 2020, 07:35
1378
Бөлісу:
Павлодарда тілдік «Start up» жобасы жүзеге асырылуда

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Жоба қызмет көрсету өкілдеріне арналған, деп хабарлайды Pavlodarnews.kz.

Облыстық іс-шаралар жоспары шеңберінде жоғарыда аталған жоба бойынша қазақ тіліне 2020 жылдың соңына дейін 160 қызмет көрсету өкілін оқыту жоспарланған. Бүгінгі күні 97 маман оқытылды. Аталған жоба жылдың соңына дейін онлайн режимі арқылы жалғасатын болады. Оған «Қазпошта» АҚ облыстық филиалының мамандары, «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» КЕ АҚ Павлодар облысы бойынша филиалы – халыққа қызмет көрсету орталығының және Павлодар қаласы бойынша мемлекеттік кірістер басқармасының өкілдері қатысуда, - дейді облыс мәдениет, тілдерді дамыту және архив ісі басқармасында.

Сонымен қатар «Start up» жобасының қатысушылары Хәкім Абай Құнанбайұлының 175 жылдығына орай ұйымдастырылған қызмет көрсету салаларының мамандары арасындағы «Ғылым таппай мақтанба...» атты онлайн диктант жазу, «Абай өлеңдерін» жатқа айту акциясына, викторина ойындарына және тағы басқа шараларға қатысып, белсенділік танытуда.

Қазақстан Республикасындағы тіл саясатын іске асырудың 2020-2025 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламадағы тілдерді дамытуға және тілдік мәдениетті қалыптастыруға негіз болатын тіл саясатын іске асырудағы маңызды салалардың бірі оқыту болып табылады.  

Айта кетерлігі, алғаш рет қызмет көрсету өкілдеріне арналған тілдік «Start up» қазақ тілі курстары ағымдағы жылдың басынан бастап мемлекеттік бағдарлама шеңберінде жүзеге асырылуда. 

Курстың мақсаты – мемлекеттік тілдің қолданылу аясын кеңейту, тіл мәдениетін арттыру, қызмет көрсетудің әртүрлі салаларының қызметкерлерін күнделікті өмірде қазақ тілін қолдануға ынталандыру.  
Өзгелердің жаңалығы