Павлодарда «Тәуелсіздік ұрпақтары» сыйлығының лауреаттары марапатталды

22 Қазан 2022, 17:10
1836
Бөлісу:
Павлодарда «Тәуелсіздік ұрпақтары» сыйлығының лауреаттары марапатталды
Фото: автордан

Республика күні қарсаңында Ертіс өңірінің үздік жастары «Тәуелсіздік ұрпақтары» сыйлығына ие болды, деп хабарлайды Павлодардағы BAQ.KZ тілшісі.

Жастар сыйлығына қоғамдық, ғылыми, шығармашылық деңгейде үздік атанған ұл-қыздар ие болды. Биыл дәстүрлі конкурсқа 100-ден астам өтініш түскен. Қазылар алқасы олардың ішінен 200 үміткерді таңдап алды. Олардың айтуынша, сыйақыға облыстың дамуын сүбелі үлес қосып жүрген белсенді азаматтары ие болады.

Әр жеңімпазға 500 теңге көлемінде ақшалай сыйлық тарту етілді. Сыйақыға ие болғандардың қатарында Оңтүстік Кореяда өткен World Skills Competition – 2022 әлемдік чемпионатының қола жүлдегері Дина Афанасьева бар.

23 жастағы азаматша қазіргі уақытта Торайғыров университеті ІТ-факультетінде білім алып жатыр. Павлодар ақпараттық технологиялар колледжінің түлегі. WorldSkills Competition 2022 Speicial Edition бес құзыреттік бойынша ұлттық құраманың жетекшісі Серік Жартыбаевтың айтуынша, Кореяның Коян қаласында өткне шара айти-саласының үздік жастарын жинады. Жалпы жүлде қоры 10 млн. теңгені құрады.

Павлодарда «Тәуелсіздік ұрпақтары» сыйлығының лауреаттары марапатталды

«Жеңіс тұғырынан негізінен Қытай, Үндістан, Корея елдерінің өкілдері көрінді. Біздің ел байрақты бәсекеде алғаш рет жүлдеге ие болды. Қатысушылар таңғы сағат алтыдан бастап түнгі үшке дейін жұмыс істеді. Сарапшылар қатаң тексеріс жүргізіп отырды», - дейді Серік Жартыбаев.

Дина Афанасьеваның айтуынша, халықаралық чемпионаттағы бәсеке күшті болды. 

«Қытайлық, мажарстандық студенттермен иық тірестіру оңай болмады. Олардың барлығы айти саласында мықты көрсеткіштерге қол жеткізген. Бірақ, барымызды салуға үлгердік. Ұстаздарым, сарапшылар мен ата-анам қолдау көрсетті. Менің санатымда, яғни, веб-технологиялар бағыты бойынша 24 адам қатысты. Бұл байқауға үш жыл қатарынан қатысып жүрмін. Өткен жыды Австрияда өткен еуропалық кезеңге қатысып, үшінші орынға ие болдым. Ендігі мақсатым – оқуымды жалғастырып, жұмыс істеу», - дейді Дина.

Айта кетейік, Қазақстан қозғалысына 2014 жылы 70-ші ел болып қосылды. Осы сәттен бері ұлттық құрама Еуропа және әлем чемпионаттарына қатысып жүр. Жарыстар екі жылда бір рет ұйымдастырылады. Биылғы жылы Дина Афанасьеваның жетістігі тарихи жеңіс. Осы жылы Қазақстан чемпионатқа 30 бағыт бойынша қатысты. Негізгі мақсат – жұмысшы мамандықтардың нарықтағы ролін арттыру, жастар арасында насихаттау. 

Өзгелердің жаңалығы