Павлодарда тәрбиешінің көмекшісі 3 жасар қызды ұрып-соққан

Павлодарда тәрбиешінің көмекшісі 3 жасар қызды ұрып-соққан
657

9 тамызда полицияға Павлодар қаласының тұрғыны Айманов көшесі бойындағы Павлодар қаласының № 4 балабақшасында 3 жасар қызын тәрбиешінің көмекшісі ұрып-соғу фактісі бойынша жүгінді, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Аталған факті тіркелді. Полицейлер оқиғаның мән-жайын анықтап, бейнебақылау камераларынан алынған бейнематериалдарды зерттеуде. Сот-медициналық сараптама тағайындалды, оның нәтижесі бойынша процессуалдық шешім қабылданады, – деп хабарлады Павлодар облысы ПД баспасөз қызметі.

Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға

Фото: ашық дереккөз
Өзгелердің жаңалығы