Павлодарда тағы бір мектеп өртенді

21 Сәуір 2022, 10:07
1775
Бөлісу:
Павлодарда тағы бір мектеп өртенді
Фото: автордан

Павлодар, BAQ.KZ тілшісі. Облыс орталығындағы №28 орта мектептің шатыры отқа оранды. Салдарынан 600-ге жуық адам сыртқа шығарылды. Олардың 500-ден астамы - оқушы.

Облыстық төтенше жағдайлер департамент мамандарының хабаралуынша, қызыл жалын 200 шаршы метрлік аумақты шарпыған.

Мектеп ішіндегі мамандар мен оқушылар өрт өндірушілер келгенге дейін сыртқа шығарылып үлгерді. Оқиға орнында жеке құрамның 50 қызметкері мен 12 техника бірлігі отпен күресіп жатыр. Сонымен қатар, апаттық медицина қызметінің төрт жұмыскері тартылды, - деп хабарлады мамандар.

Соңғы мәліметтерге сүйенсек, өрт кезінде ғимарат ішінде болған физика пәнінің мұғалімі уланып қалды. Денсаулық сақтау басқармасы мамандарының хабаралуынша, оның жағдайы тұрақты. Қазіргі уақытта азаматша бірінші қалалық аурухананың терапия бөліміне жатқызылды.

Айта кетейік, білім беру ошағы «Заманауи мектеп» жобасы аясында күрделі жөндеуден өткізілген.

Еске салсақ, бірнеше күн бұрын облыс оталығында №1 мектеп өртенді. Ғимараттың үшінші қабатындағы кітап қоймасы жанып, салдарынан үш жоғары сынып оқушысы ауруханаға жатқызылды. Бұл білім ошағы да мемлекеттік бағдарлама бойынша толық жөнделген. Қазіргі уақытта оқу үрдісі реттелді. Жөндеу жұмыстары жүргізілмек.

 

Өзгелердің жаңалығы