Павлодарда су айдындарын өңдеу картасы әзірленді

15 Мамыр 2023, 03:25
829
Бөлісу:
Павлодарда су айдындарын өңдеу картасы әзірленді
Фото: pavlodarnews.kz

Павлодар қаласында бірқатар аумақтарда шыбын-шіркейлерге қарсы дезинсекциялық жұмыстар жүріп жатыр, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Қала әкімі баспасөз қызметінің мәліметінше, «Зеленая роща» аумағында «Cash Trade» ЖШС ғылыми тобымен фенологиялық бақылаулар жасалуда. Жаңауылда су айдындарындағы дернәсілдерін улау жүргізілуде. Мұнда жер үсті әдісімен бүрку арқылы бактицид биологиялық препараты қолданылады.

Бүгінгі таңда ТҮКШ бөлімімен 14 су айдыны бар өңдеу картасы әзірленді. Бұл – Қазақстан Алюминий аумағы, саяжайлар, ауылдар, шағын аудандардағы су айдындары және дренаждық арналар.

Олардың барлығы өңделген.Сондай-ақ, 46 саябақ пен скверлерде өңдеу жасалды. Жұмыстар ғылыми сүйемелдеу тобының ұсынысы бойынша жалғасады. Бізге дернәсілдердің көбеюіне жол бермеу және қансорғыш жәндіктердің санын барынша азайту маңызды, – деп жазды Ержан Иманзайыпов Іnstagram парақшасында.

Өзгелердің жаңалығы