Павлодарда сирек кездесетін жануарларды атқандарға 21 млн теңге айыппұл салынды

21 Қыркүйек 2022, 04:53
1594
Бөлісу:
Павлодарда сирек кездесетін жануарларды атқандарға 21 млн теңге айыппұл салынды

Павлодар облысында екі аңшы үш жылға бас бостандығынан айырылды. Оған қоса 21 миллион теңге айыппұл салынды, деп хабарлайды BAQ.KZ Zakon.kz-ға сілтеме жасап.

Баянауыл аудандық соты Павлодар қаласының екі тұрғынын Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 337-бабының 4-бөлігінің 2,4-тармағында көзделген қылмыстық құқық бұзушылықты жасағаны үшін кінәлі деп таныды.

Олар 6 жыл мерзімге аңшылықпен айналысу құқығынан айырылып, қаруы тәркіленді, 3 жыл мерзімге бас бостандығынан айырылды. Сот мемлекет пайдасына – 21 миллион теңге шығынды өтеуге міндеттеді. Азаматтық талап толығымен қанағаттандырылды, – деді полиция.

Аңшылардан екі сілеусін терісі мен еліктің ұшасы тәркіленді. Полицейлердің мәлімдеуінше, аңшылар «салафизм» деструктивті ағымының өкілдері болған.

Павлодар облысында сілеусін аулауға тыйым салынған. 2022 жылғы 1 қаңтардан тамызға дейін елік аулауға да тыйым салынды.

Өзгелердің жаңалығы