"Заңсыз келуші – 2026" жедел-профилактикалық іс-шарасы аясында Шарбақты ауданының полиция бөлімі қызметкерлері көші-қон заңнамасы талаптарының сақталуын тексеру жұмыстарын жүргізді.
Павлодар облысының Шарбақты ауылында тиісті рұқсат құжаттарынсыз еңбек қызметін жүзеге асырған көрші мемлекет азаматтары анықталды. Болу ережелерін бұзғаны және заңсыз еңбек қызметін жүзеге асырғаны үшін шетелдік азаматтар әкімшілік жауапкершілікке тартылды.
Ал шетелдік жұмыс күшін заңсыз тартқан жұмыс берушіге қатысты әкімшілік хаттама толтырылды.
Полиция шетел азаматтарын еңбек қызметіне тартуға заңнамада көзделген тиісті негіздер мен рұқсат құжаттары болған жағдайда ғана жол берілетінін ескертеді.
Тағы оқи отырыңыз:
Шетелдіктерге Қазақстанда тұрақты тұру рұқсатын қалай алуға болады?
Қарағанды облысында заңсыз жүрген шетел азаматтары анықталды
Көші-қон мәселесі: Шетел азаматтарының құқықтары қалай реттеледі