Павлодарда құсбегілердің ашық турнирі өтті

19 Желтоқсан 2019, 07:47
2280
Бөлісу:
Павлодарда құсбегілердің ашық турнирі өтті

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Баянауылдағы Мырзашоқы тауында "Ұлы Даланың жеті қыры" мақаласын жүзеге асыру аясында құсбегілік бойынша облыстық ашық турнир өткізілді, деп хабарлайды pavlodarnews.kz.

Облыстық туризмді және спортты дамыту жөніндегі басқарманың бас маманы Нұрсұлтан Абыкешевтің мәлімдеуінше, турнирде Павлодар облысы мен Атырау қаласы және облысынан, Алматы қаласы және облысынан, Нұр-Сұлтан қаласынан, Қарағанды облысынан 20-дан астам бүркіт сынға түскен.  

Жарысты ұйымдастырудағы мақсат – "Рухани жаңғыру" бағдарламасын іске асыру, ұлттық спорт түрлерін дамыту, аушы құстармен және иттермен ұлттық аң аулауды дәріптеу, - деді Нұрсұлтан Абыкешев.

Бүркітпен жарыс бағдарламасы қолға жүру, еркін ұшу, түлкі дәлбедеріне жүру (шырға) бойынша өрбіді. Жарыстың ақтық бөлігінде қояндар мен түлкілер ауланды.

Сонымен қатар, турнир аясында иттердің – тазы ұлттық тұқымының көрмесі ұйымдастырылды. Көрмеде таз иттің 23 тұқымы көрсетілді.

Жарыс қорытындысы бойынша 3-орынды Атырау қаласынан келген Сармат Абдулкаримов еншіледі. 2-орынды Алматы қаласынан Қуаныш Исабеков иеленді. Ал Атырау қаласынан келген Арман Қошқаров 1-орын иегері атанды.

Айта кетейік, турнирдің жүлдегерлері мен жеңімпаздары басқарманың дипломы, медалі және кубогімен, сондай-ақ демеушілердің бағалы сыйлығымен марапатталды.


 

Өзгелердің жаңалығы