Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. "Павлодар" арнайы экономикалық аймағында орналасқан "СНН" компаниясы алюминийден жасалған радиаторлар шығара бастады, деп жазды kursiv.kz.
Аталмыш кәсіпорын болат құю ісімен айналысады. Оның өнімдері өңірдеге электр станцияларында сұранысқа ие.
Кәсіпорын өнім түрлерін кеңейтпек. Биыл елімізде алғашқылардың бірі болып радиатор шығаруды қолға алды. Бұл үшін өндіріс цехіне қосымша құрылғылар сатып алынды.
Кәсіпорын басшысы Евгений Москаликтің айтуынша, компания жылына 1 млн секция өнім әзірлеуге қауқарлы. Ал еліміздің жалпы сұранысы 3 млн секцияны құрайды.
Радиаторларға қажет шикізатты жергілікті Қазақстан электролиз зауытынан аламыз. Өнімге деген сұраныс артса, 2024 жылға қарай өндіріс қуатын қосып, сол қажеттілікті толықтай өтеуге әзірміз, - дейді ол.