Павлодарда қыздың басынан кірпішпен ұрған ер адам қолға түсті

25 Тамыз 2022, 01:41
3532
Бөлісу:
Павлодарда қыздың басынан кірпішпен ұрған ер адам қолға түсті

Павлодар полицейлері қызды кірпішпен бірнеше рет ұрған ер адамды ұстады.

Полиция қызметкерлері күдіктіні ұстады. Ол Павлодар қаласының 27 жастағы тұрғыны болып шықты. Сотқа дейінгі өндірісті жүргізу барысында ол қыздың телефонын тартып алуға әркеттенгені анықталды. Тергеу «қарақшылық шабуыл» фактісі бойынша жүріп жатыр,– деді облыстық полиция департаменті бастығының орынбасары.

Ведомство өкілдерінің мәлімдеуінше, күдікті Павлодар қаласының уақытша ұстау изоляторына қамалған.

Өзгелердің жаңалығы