Павлодарда қоғам қайраткерлерінің есімдері жазылған аялдамалар пайда болды

29 Қыркүйек 2022, 13:06
1177
Бөлісу:
Павлодарда қоғам қайраткерлерінің есімдері жазылған аялдамалар пайда болды
Фото: автордан

Павлодар қаласының бірқатара аялдамасында қазақ жазушылары, қоғам қайраткерлерінің фотосуреттері мен тұлғалар туралы мәліметтер жазылған аялдамалар пайда болды, деп хабарлайды Павлодар облысындағы BAQ.KZ тілшісі.

Қазақтың көрнекті тұлғаларының өмірі мен шығармашылығын насихаттауға бағытталған «Тұлғалар тағылымы» жобасын облыстық мәдениет және тілдерді дамыту басқармасы жүзеге асыруда. 

Соңғы уақытта Ертіс өңірінің қала-аудандарындағы көшелердің атаулары қазақыландырылып жатыр. Сондықтан, «Тұлғалар тағылымы» жобасын қолға алдық. Қазіргі уақытта төрт аялдама жасалды. Енді аялдамада автобус күткен адам ел игілігі үшін тер төккен азаматтардың өмірбаянымен таныса алады. Мағлұматтар екі тілде жазылған. Ақпарат қысқа-нұсқа жазылғандықтан, оқуға да көп уақыт кетпейді, - дейді облыстық мәдениет және тілдерді дамыту басқармасының өкілі Медет Тауасқанұлы. 

Алдағы уақытта тағы 40 аялдама пайда болады. Толыққанды экпозиция түріндегі аялдамаларды жабдықтауға 1 млн. теңгеден астам қаражат жұмсалған. 

Сала мамандарының айтуынша, бастама халықтың көңілінен шықса, жалғастыруға мүмкіндік бар. 

Өзгелердің жаңалығы