Павлодарда қоғам белсенділері геологиялық музей ашты

24 Қаңтар 2023, 14:37
1333
Бөлісу:
Павлодарда қоғам белсенділері геологиялық музей ашты

Ертіс өңіріндегі «Павлодар география үйінің» белсенді мүшелері геологиялық музей ашты, деп хабарлайды Павлодардағы BAQ.KZ тілшісі.

Геологиялық музейдің коллекциясын жинауға бірнеше жыл кеткен. Үкіметтің емес ұйым өкілдері облыстың түкпір-түкпірін аралап, экспедицияларға шыққан. Нәтижесінде түрлі тау жыныстары, минералдар мен сирек кездесетін үлгілерді тапты.

Музейге арнайы бөлме бөлінді. Оны жабдықтау, жөндеу мен жиһаздарды орнату жұмыстарын белсенділер өздері қолға алған. Бүгінде  кез келген азамат музейдегі жәдігерлермен танысу мүмкіндігіне ие. 

Музей қонақтарының назарына 500-ден астам экспонат ұсынылған. Олардың барлығын белсенді азаматтар экспедициялар барысында жинаған. Кейбіреулерін алыс-жақын шетелді аралаған саяхатшылар сыйға тартқан. Кварц, яшма, мәрмәр, раухтопаз, ұлутас... Бұл қызықты коллекциядағы жәдігерлердің бір парасы ғана.

«Біздің музей Ертіс өңірінің табиғатының бірегейлігін паш етеді. Мәселен, Аққулы ауданынан әкелінген «Гипсті раушандарды» басқа жерден таппайсыз. Сұлулығы көз тартар тастар Ертістің бойынша жатыр. Музей қорында әлемдегі ең жас саналатын минерал – «тенгизит» те кездеседі. Сирек минерал мұнай станциясында болған жарылыс кезінде пайда болды. Тарихқа көз жүгіртсек, отандық станциядағы алапат апат 1985 жылы болды. Өрт салдары бірнеше ай бойы жойылды. Кейін жаңа геологиялық жыныс табылды», - дейді «Павлодар география үйінің» директоры Александр Вервекин. 

Бірегей жәдігерлердің қатарында метеориттер, кометалардың тектиттері ен астероидтің бір бөлшегі бар. Оларды саяхатшылар Германия, АҚШ, Ресейден әкелген. 

Өзгелердің жаңалығы