Павлодарда полицейлер тапаншадан атудан сынға түсті

29 Мамыр 2022, 16:45
1229
Бөлісу:
Павлодарда полицейлер тапаншадан атудан сынға түсті

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Облыстық полиция департаментінің тирінде Ішкі істер министрінің кубогына іріктеу жарысы өтті, деп хабарлайды  Pavlodarnews.kz.

Жарысқа қатысқан департаменттің аумақтық басқармалары мен полиция бөлімдерінің 16 командасы «Макаров» тапаншасынан атудан сынға түсті.

Атыс дайындығы спорттың негізгі қызметтік-қолданбалы түрлерінің бірі болып табылады. Жарыс полицияның аумақтық бөлімшелерінің қызметкерлері мен әскери қызметшілерінің кәсіби дайындық деңгейін арттыру, жауынгерлік қарудан ату дағдыларын жетілдіру, сондай-ақ мықты атушылар мен командаларды анықтау мақсатында өткізілді, - дейді департаментте.

Жарыс қорытындысы бойынша жалпы командалық есепте 1- орынды ЖҚАЖ командасы, 2-орынды полиция департаменті аппаратының командасы, 3-орынды Ақсу қаласы ПБ командасы иеленді. 

Ерлер арасындағы жеке есепте ЖҚАЖ инспекторы Қуаныш Шугаипов жеңімпаз атанды, 2-орынды арнайы және жұмылдыру дайындығы басқармасының бөлім бастығы Дінмұхамед Сапабеков, 3-орынды Ақсу қаласы анықтау бөлімшесінің бастығы Берік Әбілхасов иеленді.

Қыздар арасындағы ЖҚАЖ инспекторы Зура Қалипенова үздік мерген атанды, 2-орынды ақпарат және байланыс басқармасының аға инженері Айсұлу Омарова, 3-орынды ЖҚАЖ инспекторы Ризагүл Андасова иеленді.

Жеңімпаздар мен жүлдегерлер грамоталармен, медальдармен және кубоктармен марапатталды. Олар маусым айында  республикалық атыс жарыстарына қатысады.

Өзгелердің жаңалығы