Павлодар облысында жас балаға зорлық көрсеткен ер адам 20 жылға сотталды, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
Павлодар облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соты зорлау, жәбірленушіге күш көрсетіп, дәрменсіз күйін пайдаланып, жыныстық қатынас жасау фактісі бойынша М.-ға қатысты қылмыстық істі қарады.
Іс жабық сот отырысында қаралды.
Сотталушының кінәсі жас бала жәбірленушінің, куәлардың айғақтарымен, сараптама қорытындыларымен және сотта зерттелген басқа да дәлелдемелермен дәлелденді.
Қылмыс аса ауыр қылмыстар санатына жатады және 20 жылға бас бостандығынан айыру немесе өмір бойына бас бостандығынан айыру жазасын қарастырады. Сот істің мән-жайын ескере отырып, М.-ға өмір бойына педагогикалық және кәмелетке толмағандармен жұмыс істеуге байланысты лауазымдарды атқару құқығына тыйым салып, 20 жылға бас бостандығынан айыру жазасын тағайындады, - деп жазылған сот хабарламасында.
Үкім заңды күшіне енген жоқ.
Еске салайық, бұған дейін Ақмола облысында педофил өмір бойына бас бостандығынан айырылған болатын.