Павлодарда отқа оранған пәтерден әйел адам құтқарылды

11 Шілде 2021, 02:30
1691
Бөлісу:
Павлодарда отқа оранған пәтерден әйел адам құтқарылды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Павлодарда өрт сөндірушілер отқа оранған пәтерден әйел адамды алып шықты. Болжам бойынша, өрттің шығуына темекі шегу себеп болған, деп хабарлайды Рavlodarnews.kz.

Облыстық ТЖД баспасөз қызметінің мәліметінше, 9 шілде күні сағат 20.24-те Назарбаев даңғылы, 19 мекенжайы бойынша өрт туралы хабарлама түскен. 

Шақыру орнына келген газ-түтіннен қорғау қызметі буынының құрамындағы №4 өрт сөндіру бөлімінің аға өрт сөндіруші-құтқарушысы азаматтық қорғау сержанттары Елнұр Рымбеков пен Марлен Абенов 1972 жылы туған пәтер иесін баспалдақ маршы арқылы көтеріп алып шықты. 

Әйел адам апаттар медицина орталығының қызметкерлеріне тапсырылды. Олар алғашқы медициналық көмек көрсетіп, Павлодар қаласының №1 ауруханасына жатқызды. Бір бөлмелі пәтерде диван, үй заттары жалпы алаңы 6 шаршы метр жанды. Тілсіз жау сағат 20.40-та сөндірілді, - дейді департаменттен. 
Өрт сөндірушілердің батыл әрі үйлесімді әрекеттерінің арқасында қайғылы жағдайға жол берілмеді. Оқиға орнында жеке құрамнан 17 адам және 5 техника, апаттар медицина орталығы, «102», «103» қызметтері жұмыс істеді.


Өзгелердің жаңалығы