Павлодарда отбасының цифрлық картасы енгізілді

22 Қазан 2022, 14:33
1255
Бөлісу:
Павлодарда отбасының цифрлық картасы енгізілді

Ертіс өңірінде отбасының цифрлық картасы енгізіліп жатыр, деп хабарлайды BAQ.KZ. 

ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министрі жобаның жаңашылдықтары туралы түсіндірді. Айтуынша, өңірдің цифрлық деңгейі сандық картаны толық пайдалануға мүмкіндік береді. Мәселен, оның көмегімен әр отбасы «Бір терезе» қағидаты бойынша мемлекеттік көмек түрлерін кедергісіз алады. Бүгінде картамен тоғыз әлеуметтік төлем мен жәрдемақы бойынша қызметтер ұсынылады. Ортақ цифрлық картаның базасында жалпы 19 млн астам азамат туралы мәлімет жинақталған. Бұл жүйе негізінде мемлекеттік қолдауды қажет ететін отбасылар анықталады.

Бұл карта арқылы қиын жағдайға тап болған азаматтарды анықтаймыз. Мемлекеттік көмектен қағылған отбасыларды табуға да мүмкіндік болады. Ақпараттық жүйедегі барлық процестер автомандандырылып, бір жерде жинақталады. 2023 жылға қарай цифрлық картада білім беру және денсаулық сақтау қызметтері де пайда болады, – деді Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министрі Олжас Ордабаев.

Өзгелердің жаңалығы