Павлодарда облысында жолдар жабылды

4 Ақпан 2021, 11:30
1423
Бөлісу:
Павлодарда облысында жолдар жабылды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. 2021 жылғы 3 ақпандағы сағат 19.00-ден бастап Павлодар облысында республикалық, облыстық және жергілікті маңызы бар автожолдар барлық бағыттар бойынша көліктің барлық түрлері үшін жабық, деп хабарлайды Polisia.kz. 

Полиция департаменті ауа райының қолайсыздығына байланысты сапарға шықпауды, жол жүруден бас тартуды және ауа райы мен жолдардың жай-күйі туралы хабарламаларды бақылауда ұстауды  ұсынады. Күн күрт суыған кезде автомобильмен жүру жүргізушілерден жолда барынша мұқият болуды, сондай-ақ қысқы кезеңде автомобильді жол және метеорологиялық жағдайларға тиісінше дайындауды талап етеді. 

Жолда қиын жағдайға тап болған жол қозғалысының барлық қатысушылары тәулік бойы ішкі істер органдарының бөлімшелеріне «102» нөмірі бойынша немесе «Police 102» мобильдік қосымшасы арқылы бейне – және аудиоқоңыраулар арқылы жүгіне алады.

Өзгелердің жаңалығы