Павлодарда облыстың басты шыршасын алып тастады

10 Қаңтар 2022, 20:25
1274
Бөлісу:
Павлодарда облыстың басты шыршасын алып тастады

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Орталық алаңдағы облыстың басты шыршасы алынды, деп хабарлайды Pavlodarnews.kz.

Әдетте  құрылымды қаңтардың ортасында немесе аяғында алып тастайтын.
 

Павлодар қаласы әкімінің орынбасары Светлана Гладышеваның айтуынша, облыс әкімшілігі ғимаратыннан шолу жүргізетін күш құрылымдары үшін кедергі болмау үшін осындай шешім қабылданған. 

Полицияда шыршаның кейбір жинақ бөлшектерін лаңкестер қару ретінде қолдануы мүмкін деген алаңдаушылық білдірген болатын. 
 
Еске сала кетейік, Қазақстанда әлі де терроризм қаупінің қызыл режимі сақталуда.  Бұған дейін Павлодардың орталық алаңында тәртіпсіздік кезінде  қаза тапқан қазақстандықтарды еске алған. 

Өзгелердің жаңалығы