Павлодарда мерекелік вагондар таныстырылды

21 Наурыз 2023, 16:16
1690
Бөлісу:
Павлодарда мерекелік вагондар таныстырылды
Фото: Облыстық кәсіпкерлік басқармасы

Ертіс өңірінде Әз Наурыз мерекесі қарсаңында мерекелік вагондар таныстырылды, деп хабарлайды BAQ.KZ агенттігінің Павлодардағы тілшісі. 

Тақырыптық вагондар «Қазақстан темір жолы», «Павлодар трамвай басқармасы» компаниялары және кәсіпкерлік басқармасы өкілдерінің мұрындық болуымен безендірілді. Қос вагон «Павлодар-Түркістан» бағытында жүретін пойызға тиесілі. Басты мақсат – екі өңірдің туристік әлеуетін арттыру және көрікті жерлерін көрсету.

Мамандардың айтуынша, вагонларды безендіруге төрт күн кеткен. Оның сыртында Павлодар қаласы мен Баянауыл ауданының көрікті жерлері көрініс тапқан. Нақтырақ айтқанда, Мәшһүр Жүсіп Көпеев мешіті, орталық жағалау, Жасыбай көлі, Түркістан қаласындағы Қожа Ахмет Яссауи кесенесінің суреті салынған. 

Біздің облыс туристік әлеуеті жоғары, жұртшылық тарапынан қызығушылыққа ие көрікті жерлерге бай. Вагондардағы фотосуреттер - жерлісіміз, танымал фотограф Валерий Бугаевтің еңбектері. Суреттерді сол азаматтан алдық. Вагон сыртында кюар-код та бар. она сканерлеу арқылы әр туристік орынның тарихы туралы ақпарат алуға болады, - облыстық кәсіпкерлік және индустриялық даму басқармасы басшысының орынбасары Руслан Дәуітбаев.

Айта кетейік, «Павлодар-Түркістан» пойызы жыл он екі ай аптаның жұм күндері жүреді. Маршрут еліміздің бес аймағы арқылы өтеді. 

Өзгелердің жаңалығы