Павлодарда мемлекеттік қызметшілер әзіл айтып жарысты

19 Маусым 2022, 14:44
1274
Бөлісу:
Павлодарда мемлекеттік қызметшілер әзіл айтып жарысты

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Сайыс «Мемлекеттік қызметші күні» мерекесіне орай ұйымдастырылды, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz.

ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Павлодар облысы бойынша департаменті мемлекеттік қызметшілер арасында «Мемлекеттік қызмет: кеше, бүгін және ертең» тақырыбында көңілді тапқырлар командалары арасында ойын өткізді.

Көңілді тапқырлар ойыны Естай атындағы мәдениет сарайында өтті. Онда өңірдің жергілікті мемлекеттік органдарынан 6 команда қатысты. Командалар өз кезегінде мемлекеттік қызметшілердің өз өмірлерінен мәтіндік әзілдер, миниатюралар мен қысқа нөмірлер көрсетіп, әзіл жанрында жарысты, - деді департаментте.

Ойын қорытындысы бойынша Железин мен Тереңкөл ауданының «Қазы-Қарта» командасы жеңімпаз атанды.

«Үздік ойыншы» номинациясы Калиновский ауылдық округінің әкімі,«Қазы- Қарта» командасының ойыншысы Санжар Рыспековке табысталды.

«Үздік әзіл» номинациясына Успен мен Щарбақты аудандарының «Здесь и сейчас» командасы ие болды.

«Шығармашылық ұжым» номинациясы «Жұрттың балалары» командасына (Павлодар, Ақсу қалалары және Павлодар ауданы) бұйырды.

Сондай-ақ барлық командаларға қатысқаны үшін дипломдар табыс етілді.

Өзгелердің жаңалығы