Павлодарда мектептерге снаряд қойылғаны туралы хабарлаған

13 Ақпан 2023, 17:00
875
Бөлісу:
Павлодарда мектептерге снаряд қойылғаны туралы хабарлаған
Фото: egemen.kz

Павлодарда белгісіз біреулер «бірнеше мектепте снаряд бар» деп, елді дүрліктірді, деп хабарлайды BAQ.KZ Хабар24-ке сілтеме жасап.

Хабарлама номері 34 білім ошағының поштасына түскен. Ғимарат ішіндегілер жаппай эвакуцияланып мамандар жедел тек-серу жүргізді. Артынша бұл жағдай номері 35 мектепте қайталанды. 

Нәтижесінде ешқандай да жарылғыш зат табылған жоқ. Дәл осындай ақпарат қаладағы номері 9 және 28 мектептерге қатысты түскен. Жалған хабарламаны кім және не үшін таратқаны белгісіз.

Өзгелердің жаңалығы