Павлодарда мектептерге бомба қойылғаны туралы хабарлаған оқушы анықталды

12 Мамыр 2023, 23:50
908
Бөлісу:
Павлодарда мектептерге бомба қойылғаны туралы хабарлаған оқушы анықталды
Фото: azattyq-ruhy.kz

Павлодарда терроризм актісі туралы жалған хабарлама берген күдікті анықталды, деп хабарлайды BAQ.KZ –ке сілтеме жасап.

Павлодар облысы бойынша полиция департаменті мен ҰҚКД бірлескен іс-шаралар барысында білім беру ұйымдарына қойылған бомба туралы жалған хабарламалар таратты деген күдікке ілінген кәмелетке толмаған азаматты анықтады. Күдікті Павлодар қаласы мектептерінің бірінде оқитын 14 жастағы оқушы болып шықты.

Оқушы 2023 жылдың ақпан-сәуір айлары аралығында жаңа телефон нөмірлері арқылы аккаунттар құрғаны белгілі болды, ол арқылы терроризм актісі туралы жалған хабарламаларды білім беру объектілерінің электрондық поштасына жолдаған. Содан кейін аккаунттарды жойып отырған. Осы факті бойынша Қазақстан Республикасы ҚК-нің 273-бабы бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде. Кәмелетке толмаған заңды өкілдердің кепілгерлігіне берілді, – деп хабарлады Павлодар облысы ПД бастығының орынбасары Болат Нұрсейітов.

Полицейлер терроризм актісі туралы көрінеу жалған хабарлағаны үшін Қазақстан Республикасы ҚК-нің 273-бабы бойынша қылмыстық жауаптылық көзделгенін және 5000 АЕК-ке дейінгі мөлшерде айыппұл салуға, не сол мөлшерде түзеу жұмыстарына, не 5 жылға дейінгі мерзімге бас бостандығын шектеуге, не сол мерзімге бас бостандығынан айыруға жазаланатынын еске салады.

Өзгелердің жаңалығы