Павлодарда ломбард директорлары қамауға алынды

24 Ақпан 2020, 15:28
1597
Бөлісу:
Павлодарда ломбард директорлары қамауға алынды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. "Гарант 24" ЖШС мен "ESTATE Ломбард" ЖШС Павлодар облыстық директорлары уақытша ұстау изоляторына қамалды.

Павлодар облысы полиция департаменті "Гарант 24" ЖШС, "ESTATE Ломбард" жауапкершілігі шектеулі серіктестігіне қатысты ҚР Қылмыстық кодексінің 190-бабының 4-тармағы (Ірі көлемдегі алаяқтық) бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдарын бастады, - деп хабарлады полиция департаменті.
Қазіргі таңда барлық тергеу амалдары жүргізілуде. Аймақтағы ломбард директорлары уақытша ұстау изоляторына қамалды. Өзге ақпараттар тергеу амалдарына сәйкес құпия сақталып отыр.

 



Өзгелердің жаңалығы