Павлодарда лифтте темекі шеккен адам жазаланды

28 Наурыз 2021, 17:46
2248
Бөлісу:
Павлодарда лифтте темекі шеккен адам жазаланды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Оқиғаға қатысты видео әлеуметтік желіде тарады, деп хабарлайды облыстың полиция департаменті.

Облыстық полиция департаментінің мәлімдеуінше, әлеуметтік желіге мониторинг жүргізу кезінде 28 наурыз күні лифтте темекі шеккен ер адамның видеосы жарияланғаны анықталды.

Аталған фактіге қатысты Павлодар қаласының учаскелік инспекторы жұмыс жүргізді. Ер адам анықталды, - деді департаментте.

1980 жылы туған павлодарлыққа қатысты ҚР ӘҚБК 441 бабы, 1 бөлімі бойынша әкімшілік өндіріс қозғалды.

Департамент басшысының бірінші орынбасары Жасқайрат Қайыровтың айтуынша, жыл басынан бері тыйым салынған орында темекі шеккен 301 адам жазаланған.

Өзгелердің жаңалығы