Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. "Павлодар әуежайы" маңында терроризм актілерін алдын алуға және оның салдарын жоюға бағытталған жоспарлы антитеррористік оқу-жаттығулары өткізілуде, деп хабарлады pavlodarnews.kz.
Терроризмге қарсы күрес жөніндегі облыстық жедел штаб іс-шараның жоспарлы сипатқа ие екенін және күрделіліктің түрлі элементтерін қолдана отырып, барынша шындыққа жақындатылған оқу-жаттығу екенін хабарлады.
"Іс-шараның мақсаты – терроризмге қарсы күрес жөніндегі Павлодар жедел штаб күштері мен құралдарының өздеріне жүктелген міндеттерді орындауға дайындығын тексеру. Облыс орталығының қонақтары және тұрғындарынан автокөліктердің қозғалысындағы уақытша қолайсыздықтарға түсініктікпен қарауды, сабырлық сақтауды және тек ресми ақпаратты ғана басшылыққа алуды сұраймыз. Біле тұра жалған ақпарат таратудың ҚР ҚК 274 бабымен көзделген қылмыстық жауапкершілікке әкеп соғатынын естіріңізге саламыз", - делінген терроризмге қарсы күрес жөніндегі облыстық жедел штабы таратқан ақпаратта.