Павлодарда күзгі әскерге шақырылғандарды шығарып салу рәсімі өтті

8 Қыркүйек 2024, 14:45
363
Бөлісу:
Павлодарда күзгі әскерге шақырылғандарды шығарып салу рәсімі өтті

Павлодар облысының қорғаныс істері жөніндегі департаментінде әскерге шақырылушыларды салтанатты шығарып салу рәсімі өтті, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Жаңадан әскер қатарын толықтыратын он адам Күршім ауылындағы ҰҚК Шекара қызметі департаментінің Шығыс Қазақстан облысындағы басқармасында қызмет өткеретін болады.

Ата-аналармен қатар павлодарлықтарды шығарып салуға ҚР Қарулы күштері мен Шекара қызметінің, басқа мемлекеттер аумағында жергілікті соғыстар мен қақтығыстарға қатысқан ардагерлер келді.

Павлодардағы "Қарулы Күштердің ардагерлері" РҚБ филиалының төрағасы Жан Қаратаев алғашқы әскерге шақырылушылар Шекара қызметіне кететінін және ел шетін күзететін болғандықтан, оларға үлкен жауапкершілік жүктелетінін атап өтті.

Іс-шараға келгендерге арнап облыстық шығармашылық ұжымдары концерттік бағдарламасын, ал ҰҚК Шекара қызметі “Боран”арнайы бөлімшесінің әскери қызметшілері қоян-қолтық ұрыс тәсілдерін көрсетті.

Павлодар облысынан Қарулы күштерге, басқа да әскерлер мен әскери құралымдарға барлығы 653 азаматты шақыру жоспарлануда.

Өзгелердің жаңалығы