Павлодарда креативті IT-мамандар мен стартаперлер байқауы өтті

25 Наурыз 2023, 12:48
1012
Бөлісу:
Павлодарда креативті IT-мамандар мен стартаперлер байқауы өтті
Фото: автордан

Ертіс өңірінде креативті жас IT-мамандар мен стартаперлерге арналған хакатон сайысы өтті. Ақтық мәреге 54 команданың 16-сы ғана жолдама алды, деп хабарлайды BAQ.KZ агенттігінің Павлодардағы тілшісі.

Жарысқа IT саласына бет бұрған оқушылар мен колледж студенттері қатысты. Ұйымдастырушылардың айтуынша, қатысушыларға бес кейс ұйысынды. Әр бағыт жергілікті бизнес-қауымдастықтың ұсынысы бойынша таңдалды. 

Бұл – инновациялық жобаның екінші деңгейі. Мақсатымыз – жергілікті кәсіпкерлерге қажет айти-өнім жасау және бұл бағытта балаларға техникалық қолдау көрсету. Оқушылар өз идеяларын жүзеге асырып қана қоймай, жобаларын қаржыландыруға мүмкіндік алу керек. Бұл да хакатонның негізгі көздегені. Байқаудың бағыттарын ірі өндіріс ошақтары, қаржылық институттар, жеңіл өндіріс өкілдері ұсынды. Себебі, олардың басым бөлігі жұмыстарында шетелден алынған немесе қымбат IT-өнімдерді пайдаланады. Олардың қатарында жұмыскерлердің еңбек уақытын есептеу, түрлі бизнес үрдістерді автоматтандыру бойынша бағдарламалар бар. Cала өкілдері арзан әрі тиімді отандық өнімді қажет етеді. Бұл бағытта қызығушылық бар. Шараға бизнестің түрлі салаларының өклідерін шақырдық, - дейді хакатон ұйымдастырушыларының бірі Виталий Кожокар. 

Хакатон форматы бойынша әр команда жобаларын алты сағат бойы әзірледі. Кейін таныстырды. Мамандардың айтуынша, IT-өнімдер экология, бизнес, ландшафтты дизайн бағытынағы жобалар да болды. Мәселен, «Старс» командасының жобасы қоршаған ортаны зиянды қалдықтардан қорғауға бағытталған.

Біз пайдаланылған батареяларды сұрыптап, жою жобасын жасадық. Адамдар зиянды затты тастамай, табиғатты ластамау үшін арнайы қабылдағыштар керек. Десе де, азаматтарды ынталандыру да маңызды. Ол үшін мобильді қосымша жасадық. Қоқыс тастаған үшін бонустар беріледі, ал оларды жолақы төлеу үшін қолдануға болады, - дейді команда мүшелері.

Байқаудың жүлде қоры 400 мың теңгеден асады. Үздіктер ақшалай сыйлықтармен марапатталады. Ал ең тиімді жоба кәсіпкерлердің қызығушылығына ие болып, кейін қаржыландырылуы мүмкін.

Өзгелердің жаңалығы