Павлодарда кран құлап, үйлер жарықсыз қалды

14 Наурыз 2021, 17:40
1914
Бөлісу:
Павлодарда кран құлап, үйлер жарықсыз қалды
VIDEO

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Павлодарда кран құлап, 30 үй жарықсыз қалған. Сонымен қатар құрылыс техникасы Lada Priora көлігіне құлап түскені белгілі болды. 

Бұл туралы Pavlodarnews.kz облыстық төтенше жағдайлар департаментіне сілтеме жасай отырып хабарлады.

Павлодарда кран құлап, үйлер жарықсыз қалды

Айтуынша, оқиға кеше облыс орталығында болған.

Павлодарда Естай көшесі мен Больничный тұйық көшесінің қиылысында жеке ұйым құрылыс жұмыстарын жүргізу барысында шынжыр табанды кран электр беру желісіне аударылды, салдарынан 30-ға жуық жеке тұрғын үй электр желісінен ажыратылды, - деді ведомствоның баспасөз қызметі.

Жөндеу және қалпына келтіру жұмыстарын «Қалалық электр желілері кәсіпорны» ЖШС жүргізді.

Оқиға салдарынан қаза болғандар мен зардап шеккендер жоқ.

Бұған дейін ауа райының нашарлауына байланысты Түркістан облысының бес ауданындағы кей елді мекендерде электр тасымалдау желілері үзілгені туралы хабарладық.

Өзгелердің жаңалығы