Павлодарда көші-қон легін реттеу штабтары құрылады

28 Қыркүйек 2022, 15:31
709
Бөлісу:
Павлодарда көші-қон легін реттеу штабтары құрылады

Ертіс өңірінде көші-қон легін реттеу мақсатында штабтар құрылады, деп хабарлайды Павлодардағы BAQ.KZ  тілшісі.

Ресей азаматтарының көптеп келуіне байланысты көші-қон үрдісін бақылау күшейтілетін болды. ҚР Ұлттық қауіпсіздік комитеті шекаралық қызмет департаментінің бастығы Ғани Бекмұрзаевтің мәліметінше, 21-26 қыркүйек аралығында өңірдің шекараларынан 35 мың адам өткен. Олардың 13 мыңнан астамы – Ресей азаматтары. Олардың бес мыңы Павлодар облысы арқылы шет ел асып кеткені белгілі. 

Полиция департаменті өкілдерінің айтуынша, соңғы бес күн ішінде халыққа қызмет көрсету орталықтарына 388 ресейлік келіп, облысқа келгендерін ескерткен. Олардың 150-ден астамы уақытша тұруға рұқсат сұрады.  Релоканттардың көптеп келуіне байланысты аймақтағы крименогендік жағдай тұрақты. 

Осыған байланысты облыс басшылығы салалық мекемелерге көші-қон жағдайын бақылап, түсіндіру және мониторнг шараларын күшейтуді тапсырды.

Тұрғын үй нарығындағы жағдайды тұрақтандыру үшін тиісті шараларды қолға алу керек. Полиция және мемлекеттік кірістер департаменттері уақытша келушілерде тіркеу мен халықтың қауіпсіздігін  қамтамасыз ету керек. Қала және аудан әкімдеріне мигранттардың легін реттеу үшін штабтар құруды тапсырдық, - деп хабарлайды аймақ басшысы Әбілқайыр Сқақов. 

Облыста, сонымен қатар, келушілер арасында түсіндіру жұмыстары жүргізіледі. Шұғыл желілер де іске қосылады. Айта кетейік, шетелдіктердің көптеп келуіне орай жалдамалы пәтерлердің бағасы шарықтап кетті. Мәселен, үш бөлмелі пәтерде бір айға жалға алу құны 500 мың теңгеден асқан. 

Өзгелердің жаңалығы