Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Павлодар облысының денсаулық сақтау басқармасының мәліметінше, 1978 жылы туған Павлодар қаласының тұрғыны коронавирус інтетінен емделіп шыққан.
15 сәуір күні оны ЖРВИ диагнозымен провизорлы пульмонологиялық госпитальға әкелді. Алынған тест нәтижесі бойынша 16 сәуірде COVID-19 анықталды. Әйел адамның айтуы бойынша шет елдерге шықпаған, бұрын КВИ анықталған адамдармен қарым-қатынаста болмаған.Алынған екі тесттің теріс нәтижесі негізінде науқас госпитальдан шығарылды. 14 күн бойы үй карантинінде медициналық бақылауда болды.
Бүгінгі күнде Павлодар облысында 12 науқас коронавирус инфекциясынан жазылып шықты.