Павлодарда әкесі мен баласы Ертіс өзеніне батып кетті

3 Тамыз 2020, 23:45
1961
Бөлісу:
Павлодарда әкесі мен баласы Ертіс өзеніне батып кетті

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Павлодар облысында әкесі мен баласы Ертіс өзеніне батып кетті. Жергілікті тұрғындар 1998 жылы туған жігіттің денесін судан алып шықты, деп хабарлайды облыстық ТЖД баспасөз қызметі.

Департаменттің мәліметінше, олар отбасымен бірге өзен жағалауына демалуға келген.

1 тамыз күні Ертіс өзенінің Сынтас ауылынан бес шақырым жердегі жағалауында отбасымен бірге демалуға келген әкесі мен ұлы суға батып кетті. Оқиға орнына келген өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары қызметі жедел құтқару жасағының сүңгуірлер тобы 1973 жылы туған отағасын іздеу жұмыстарын әлі жалғастырып жатыр. Оның денесі бүгінгі күнге дейін табылмады, - делінген департамент хабарламасында.

Өзгелердің жаңалығы