Павлодарда келіні енесінің картасынан ақша ұрлаған

20 Тамыз 2022, 18:16
1825
Бөлісу:
Павлодарда келіні енесінің картасынан ақша ұрлаған

Келіні картадан ақшаны шешіп алған, деп хабарлайды BAQ.KZ @Pavlodarnews.kz-ке сілтеме жасап.

Бұл туралы облыстық полиция  департаментінің баспасөз қызметі мәлім етті.

Павлодар қаласында әйел енесінің рұқсатынсыз картасын алып, жасырын түрде 139 мың теңгесін шешкен. Жағымсыз оқиғаны 49 жастағы енесі полицияға өтініш жазып, хабарлады,- деді баспасөз қызметінде.

Келіннің айтуынша, оған ақша жеке қажеттіліктері үшін керек болған.

Полиция атап өткендей, 30 жастағы келінге қатысты ҚК 188-бабы бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде.

Өзгелердің жаңалығы