Павлодарда кәріз құбырынан шала туған баланың денесі табылды

25 Сәуір 2023, 10:38
906
Бөлісу:
Павлодарда кәріз құбырынан шала туған баланың денесі табылды
Фото: liter.kz

Павлодар қаласында үйдің жертөлесіндегі кәріз құбырын тазалау кезінде жаңа туған нәрестенің денесі табылды, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Polisia.kz деректеріне сүйенсек, 20 сәуір сағат 18:15 шамасында Павлодар қаласындағы Бакинская көшесіндегі үйдің кіреберістерінің бірінің жертөле үй-жайында кәріз құбырын тазалау кезінде шала туылған ер баланың денесі табылды.

ҚР ҚК 100-бабы бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. Сот-медициналық сараптама тағайындалды, оның нәтижелері бойынша процестік шешім қабылданады. ҚР Конституциясының 77-бабы 3-тармағының 1-тармақшасына, ҚР Қылмыстық іс жүргізу кодексінің 19-бабы 1-бөлігіне сәйкес адам өзінің кінәсі соттың заңды күшіне енген үкімімен танылғанға дейін қылмыс жасағаны үшін кінәсіз деп есептеледі, - делінген ІІМ хабарламасында.

Өзгелердің жаңалығы