Павлодарда инвестициялық жобаларды сүйемелдеу бойынша фронт-офис іске қосылды

26 Қазан 2023, 00:18
487
Бөлісу:
Павлодарда инвестициялық жобаларды сүйемелдеу бойынша фронт-офис іске қосылды
Фото: «Атамекен» палатасының баспасөз қызметі

Фронт-офисті «Атамекен» палатасы мен прокуратура бірлесіп ашты, деп хабарлайды BAQ.KZ @Pavlodarnews.kz-ке сілтеме жасап.

Облыстық кәсіпкерлер палатасының мәліметінше, инвесторларға өз құқығын қорғауда құқықтық көмек беретін фронт-офис кәсіпкерлер палатасының базасында орналасқан.

Павлодар облысы прокурорының орынбасары Әділет Сыздықов енді прокурорлар инвестиция салу кезінде қиындықтарға тап болған кәсіпкерлер үшін құқықтық кеңестер өткізетінін атап өтті.

Ол үшін құқықтық консультациялар беру және осы саладағы түйткілді мәселелерді шешуге жәрдемдесу жөніндегі фронт-офис құрылды. Инвесторлар бұл туралы бұрыннан біледі. Прокуратурада қадағалау органы құзыретті мемлекеттік мекемелермен бірге ілгерілетуге тиіс инвестициялық жобалар пулы бар, – деді Әділет Сыздықов.

Фронт-офис құрамына Павлодар облысының кәсіпкерлер палатасы, «KAZAKH INVEST «ҰК» АҚ өңірлік өкілдігі, уәкілетті мемлекеттік және құқық қорғау органдары кірді. Бұл алаңның негізгі міндеттері – инвесторлардың құқығын қорғау және уақтылы қалпына келтіру, жобаларды іске асыру үшін әрбір проблеманы зерделеу, инвесторлардың құқығын бұзуға ықпал ететін себептер мен жағдайларды анықтау және жою.

Инвесторларды осы жұмысқа белсенді қатысуға, өз пікірін айтудан қорықпауға, мемлекеттік органдарды орынды сынауға шақырамыз. Мұның бәрі сіз бен біз үшін құрылымды шешімдер әзірлеу үшін қажет, – деді Павлодар облысы прокурорының орынбасары.

Павлодар облысы әкімінің орынбасары Серік Батырғожинов фронт офисті ашу уақтылы қадам екенін атап өтті. Өңірде жүзеге асырылып жатқан көптеген мәселені «KAZAKH INVEST «ҰК» АҚ сүйемелдейді және сыртқы істер министрлігінің инвестициялар жөніндегі комитетінің назарында болады.

Бұл шаралар өңіріміздің дамуына жалпы экономикалық тиімді әсер етеді. Қалалық билік деңгейінде ғана емес, кәсіпкерлік бөлімі мен көптеген инвестициялық жоба жүзеге асырылып жатқан арнайы экономикалық аймақ деңгейінде де талқылауды қажет ететін мәселелер бар. Павлодар облысында жұмыс орындарын ашу, қазынаны толықтыру, өнімді өткізу, кәсіпкерлік субъектілерінің өздеріне табыс әкелетін экономикалық қана емес, жалпы мультипликативті нәтиже беретін бірнеше жоба бар, – деді ол.

Сонымен қатар облыс әкімінің орынбасары бұл өңірдің экономикасына оң әсер ететіндігіне сенім білдірді.

Өзгелердің жаңалығы