Павлодарда «Ертіс жастары» бағдарламасы іске қосылды

24 Қаңтар 2024, 03:30
472
Бөлісу:
Павлодарда «Ертіс жастары» бағдарламасы іске қосылды
Фото: архив

Енді Павлодарда жас мамандар жеңілдікпен пәтер ала алады. Ол үшін бағдарламаның жеңімпазы атану қажет, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Қала әкімдігінің мәліметінше, Павлодар қаласының тұрғын үй қатынастары бөлімінің атынан «Ертіс жастары» жас мамандарға жеңілдікпен несие беру бағдарламасына қатысуға өтініштерді қабылдаудың басталғаны туралы хабарлайды.

Несиелендірудің шарттары:

  • Қарыздың ең жоғары сомасы - 18 миллион теңге;
  • пайыздық мөлшерлеме – жылдық 5%;
  • несиенің максималды мерзімі - 19 жылға дейін (5% – 8 жыл, 3,8% – 11 жыл);
  • бастапқы пайдалануға берілген және екінші нарықтағы үй;
  • бастапқы жарна-қарыз сомасының 10%-нан бастап.

Қатысушыларға қойылатын талап:

  • ҚР азаматтылығы;
  • бағдарлама қатысушысының және онымен бірге тұратын отбасы мүшелерінің қалада кем дегенде соңғы екі жыл тұрақты үзіліссіз тұруы және соңғы бес жылда сатып алу құқығымен және құқығынсыз жеке тұрғын үйінің немесе жалға алуының болмауы;
  • қалада таңдалған қызмет саласындағы ресми жұмыс өтілі, өтініш беру сәтінде кемінде 1 жыл, зейнетақы шотынан үзінді көшірмемен расталады;
  • бағдарламаға ерлі-зайыптылардың біреуі ғана қатыса алады;
  • табыс отбасының әрбір мүшесіне КД 6 – 260442 теңгеден аспауы тиіс (2024 жылға арналған ең төменгі күнкөріс деңгейі – 43407 теңге).

Бағдарламаға денсаулық сақтау, білім беру, мәдениет, спорт, әлеуметтік сала, БАҚ, жоғары оқу орындары мен ҒЗИ салаларының өкілдері қатыса алады.

Қажетті құжаттар тізімі:

  • Өтініш берушіге және ҚР бойынша жылжымайтын мүліктің жоқ (бар) екендігі туралы анықтама;
  • азаматтық хал-ахуалды мемлекеттік тіркеу туралы куәлік, некені бұзу, некені тіркеудің жоқтығы туралы анықтама;
  • ерлі-зайыптылардың екеуіне де соңғы 6 айдағы табыстары туралы жұмыс орнынан анықтама;
  • ҚР Еңбек кодексінің 35 бабына сәйкес еңбек өтілін растайтын құжаттар;
  • ұйымның/мекеменің фирмалық бланкісінде берілген, анықтама берілген күні, шығыс нөмірі, жұмысқа орналасқан күні және атқаратын лауазымы мен лауазымдық жалақысы көрсетілген жұмыс орнынан анықтама. Ресми бланк болмаған жағдайда анықтамада ұйымның мөрі болуға тиіс;
  • egov.kz жеке кабинеттен тіркелген мекенжайы мен тіркелген күнінің скриншоты;
  • түсініксіз болған жағдайда уәкілетті органның бағдарлама шеңберінде осы және өзге фактіні растау үшін қажетті өзге де құжаттарды сұрауға құқығы бар.

Бағдарлама жеңімпаздарының тізімі балдық жүйе бойынша есеп негізінде қалыптастырылады. Балдарды есептеу тәртібі мынадай:

  • Таңдалған саладағы жұмыс өтілінің әрбір толық жылы үшін – 2 балл;
  • әр бала үшін – 2 балл;
  • бірлесіп тіркелген некенің әрбір жылы үшін – 1 балл.

Егер қатысушылар бірдей ұпай жинаса, онда жасы үлкен қатысушы бағдарламаға қатысу мүмкіндігіне ие болады.

Өтініштерді қабылдау ағымдағы жылдың 5 мен 9 ақпан аралығында сағат 10.00-ден бастап 17.00 - ге дейін (үзіліссіз) Ломов көшесі, 38 мекенжайы бойынша «Жастар бастамаларын дамыту орталығы» КММ жүзеге асырылады.

Толық ақпарат алу үшін төменде көрсетілген телефон нөмірлері бойынша хабарласуға болады:

32-74-48 «Павлодар қаласының тұрғын үй қатынастары бөлімі» ММ; 70-39-00 «Отбасы банк» АҚ.

Өзгелердің жаңалығы