Павлодарда ер адам лифт шахтасына құлап кетті

<p> </p> <h4>Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Екінші қабаттан құлап түскен тұрғын №1 қалалық ауруханаға жатқызылды, деп хабарлайды Pavlodarnews.kz.</h4>

 28 Қараша 2020 2020, 00:28
28 Қараша 2020 2020, 00:28
1655

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Екінші қабаттан құлап түскен тұрғын №1 қалалық ауруханаға жатқызылды, деп хабарлайды Pavlodarnews.kz.

Облыстың денсаулық сақтау басқармасы хабарлағандай, зардап шегушінің білегі сынып, кеуде қуысы жарақаттанған.

Ер адам  орталық әмбебап дүкеніндегі лифт шахтасына екінші қабаттан құлаған, - деп атап өтті ведомствода.
Облыстық полиция департаметінің мәліметінше, оқиға орнында полиция жұмыс істеп жатыр. Аталмыш фактіге қатысты тексеріс жүргізілуде. 
Оқиға орнына жедел-тергеу тобы шықты. Полиция қызметкерлері Ак. Сәтбаев көшесіндегі ОӘД ғимаратындағы бутиктердің бірінің сатушысы лифт шахтасына құлағанын анықтады, - деді департаментте.

Наверх